Жаңалықтар
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмысты ұйымдастыру кезінде дене дамыту дене шынықтыру нұсқаушыларының кәсіби құзіреттілігін арттыру және шығармашылық әлеуетін дамыту. Қатысушылар тіркеліп, меңгеруші алғы сөзінен басталып, педагог іс-әрекетін көрсетіп, шебер сыныпқа жалғасты. Логопед маманы одан ары педагогтермен жұмыс жасады. Соңында педагогтер кері байланыс жасап, пікір білдірді.
Елдің тадиғат байлықтары, оның ішінде құстар, экожүйенің тепе-теңдігін сақтауда шешуші рөл атқарады. Құстар тек экожүйенің құрамдас бөлігі ғана емес, сонымен қатар адам өміріне эстетикалық, мәдени және тәрбиелік мәні бар маңызды нысан болып табылады. Олар балалар мен жас ұрпаққа табиғат деген сүйіспеншілікті дарытып, экологиялық тәрбие мен жауапкершілікт
Қазақстан Республикасында табиғатты қорғау экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны сақтау-мемлекеттік деңгейдегі стратегиялық басымдықтардың бірі болып табылады. Елдің тадиғат байлықтары, оның ішінде құстар, экожүйенің тепе-теңдігін сақтауда шешуші рөл атқарады. Құстар тек экожүйенің құрамдас бөлігі ғана емес, сонымен қатар адам өміріне эстетикалық, мәдени және тәрбиелік мәні бар маңызды нысан болып табылады. Олар балалар мен жас ұрпаққа […]
Мектепке дейінгі білім беру саласындағы оң өзгерістер. Демографиялық өсім ең алдымен мектепке дейінгі білім беру жүйесінде байқалады. Бүгінгі таңда қалада 67 780 тәрбиеленушісі бар 716 балабақша жұмыс жасайды. Оның ішінде 101 мемлекеттік, 612 жекеменшік және 3 ведомстволық балабақшалар. Мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіштері жоғары болып қалуда: 3 жастан 6 жасқа дейінгі кезекте тұрған барлық […]
Мақсаты: Арнайы мамандардың жұмысын ұйымдастыру барысында жан-жақты технологияларды ұтымды қолдану, жас арнайы мамандардың жұмыс тәжірибесін жинақтау және тәжірибелі педагогтердің жұмыстарын насихаттау.
Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық жобасы- тығыз байланыс жасай отырып, баланы жүйелі, сатылы дамыту, мектепке психологиялық тұрғыдан даярлау, оның танымдық қызығушылығын арттыру, оқу әрекетіне бейімдеу, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету. №23 “Алтын бесік” арнайы балабақшасы мен Ж.Ташенов атындағы №10 мектеп гимназиясы, А.Сейдімбек атындағы №54 мектеп гимназиясының педагогтері.
Балаларды жан-жақты дамытуда түзету жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында №23 “Алтын бесік” арнайы балабақшасында “ҚҚБ балаларды тифлографика және тактильді әдістері арқылы дамыту” қалалық семинар болып өтті. Мақсатты топ: логопед, дефектолог, тифлопедагог мамандары, Ж.Ташенов атындағы №10 мектеп гимназиясы, А.Сейдімбек атындағы №54 мектеп гимназиясы.
Педагогтер қауымдастығының бекітілген жоспарына сәйкес Байқоңыр ауданының тәрбиешілері үшін ұйымдастырылған іс-әрекет өткізіліп, қатысушыларға ұсынылды. ҰІӘ-ке қаланың мемлекеттік және жекеменшік балабақша тәрбиешілері қатысты. Шара барысында педагогтер бір-бірімен кәсіби пікір алмасып, тиімді әдіс-тәсілдер мен жаңашыл практикаларды тәжірибеде қолдану жолдарын талқылады.
