Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Мектепке дейінгі білім беру саласындағы оң өзгерістер.  Демографиялық өсім ең алдымен мектепке дейінгі білім беру жүйесінде байқалады. Бүгінгі таңда қалада 67 780 тәрбиеленушісі бар 716 балабақша жұмыс жасайды. Оның ішінде 101 мемлекеттік, 612 жекеменшік және 3 ведомстволық балабақшалар. Мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіштері жоғары болып қалуда: 3 жастан 6 жасқа дейінгі кезекте тұрған барлық балалар (100%) орындармен қамтамасыз етілген, ал 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар арасында қамту 97,3 % құрады. 2025 жылдың қаңтарынан бастап мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы іске қосылды. Оның негізгі қағидасы — қаржыландыру балаға бағытталады. Бүгінгі таңда жоба аясында 25 мыңнан астам ваучер берілді. Ата-аналарға орын алу мүмкіндігі туралы 200 мыңнан астам хабарлама жіберілді, бұл балабақшаларға кезекті үштен біріне азайтуға мүмкіндік берді. Пилотты іске асырудың экономикалық әсері 3,5 млрд. теңгені құрады. Мектепке дейінгі ұйым – баланың өміріндегі ең алғашқы білім мен тәрбиенің алтын ұясы